Ответ:1.1.Шыны жасау зауытынан АГТС-1ГГТП-1 және ГГТП-2-ГТП-Наурыз, Махамбет газ құбырына дейін 1,2 МПа жоғары қысымды газ құбырын және Қызылорда қаласы Махамбет және Наурыз кенттерінің ішкі орамды газ құбырын салу;
Сұрак: Қарастырылып отырған іс шара жобасы жасалынған ба және іс шараның басталу мерзімі нақтыланған ба. Орындау мерзімін нақтыласаңыздар;
Жауап: Қызылорда қаласы Махамбет және Наурыз кенттерінің ішкі орамды газ құбырын салуға құрылыс-монтаждау жұмыстары 2021 жылы қараша айында басталды. Жоба 2021-2023 жылға өтпелі.
3.1 «Таза су айдындары» іс-шарасын ұйымдастырып, өткізу;
Сұрақ: 689,2 млн.тенге Қызылорда облысы бойынша каналдарды тазалауға қарастырылып отыр. Ал енді көпшіліктің ұйымдастыруымен отетін осы іс шараға неге қаржы қарастырмасқа. Белсенділік көрсеткен мекемелерге, жарнамалық плакаттар мен хабарландыру жұмыстарына.
Жауап: 2021 жылыдың 1-31 мамыр аралығында облыс аумағында «Таза су айдындары» экологиялық акциясы өтті.
Акцияның мақсаты – су айдындарын тұрмыстық қалдықтардан тазарту.
Іс-шара жоспарына сәйкес аталған акцияға табиғат қорғау мекемелерінің, табиғат пайдаланушылардың, еріктілердің және қоғамдық, білім беру ұйымдарының өкілдерінің, балық шаруашылығы су айдындарына жақын орналасқан ауыл тұрғындарының, оқу орындарының студенттері мен еріктілердің қатысуымен облыс аумағындағы су айдындарында, Сырдария өзені мен Кіші Арал теңізі аумағында ұйымдастырылды.
Акция нәтижесі бойынша, тазалау жұмыстарына 144 адам қатысып, 186 арнайы техника мен 76 шағын көлемді жүзу құралдары жұмылдырылып, 59,7 тоннаға жуық әр түрлі қоқыстар мен суда қалған 789 дана аулардың қалдықтары жиналып тиісті орындарға жеткізілді.
Қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптасыру және халықты аталған іс-шараға шақыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарына үгіт-насихат жұмыстары (23; соның ішінде телеканалдара–4; газет-журналдарда–13; әлеуметтік желілерде–6) жүргізілді.
2022 жылы аталған акцияны ұйымдастыру барысында ұсынысыңыз ескерілетін болады.
4.2. Рұқсат етілмеген қоқыс орындарын қорғау;
Сұрак: Рұқсат етілмеген қоқыс орындарын қорғау жұмысы қалай жүргізіледі. Қала ішінде контейнерлер қою немесе жарнамалық агитациялық жұмыстар жүргізу керек. Іс шараны орындаумен кім айналысады қаржы қаралмаған болса.
Жауап: 2021 жылы ғарыштық мониторинг нәтижесі арқылы Қызылорда облысының орталығынан радиусы 50 шақырым аумақта 105 қоқыс орындары анықталып, олар толығымен тазартылып тиісті мәліметтер waste.garysh.kz сайтына енгізілді.
Қызылорда облысында стихиялық қоқыстарды жою және оны болдырмау мақсатында іс-шаралар жоспары бекітіліп, қоғамдық кеңес мүшелері, еріктілер мен құзырлы органдар өкілдерінің қатысуымен жұмысшы топ құрылып, тұрақты түрде мониторинг жұмыстары жүргізіліп келеді.
Қоршаған орта жағдайы туралы халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында, медия-жоспар құрылып, бейнеролик әзірленіп бағдарламалар арасындағы үзілісте «Qyzylorda» телеарнасының эфирінен көрсетілуде.
Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести» газеттері мен аудандық басылым беттерінде аталмыш тақырыптарда 30-ға жуық мақалалар жарық көрді.
Сонымен қатар, «Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, «Ішкі саясат басқармасы», «Өңірлік коммуникациялар орталығы», «Қызылорда қаласы әкімдігі» ресми парақшаларында және жеке аккаунттарда «Қызылордада 62 000 тонна қалдық залалсыздандырылды», «Облыс әкімі өңірдегі тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау мәселесін қарады», «Қызылорда: 14 елді мекенде 100 сұрыптап қоқыс жинау контейнерлері орнатылады», «Соблюдение чистоты – наш общий долг» және тағы басқа тақырыптарда материал жарияланды.
6.1.Жануарларды көметін арнайы орындар салу (мал көмінділері);
Сұрак: Қызылорда қаласы бойынша «Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті және Қарауылтөбе, Талсуат, Қызылжарма, Ақсуат, Ақжарма, Қосшыңырау, Қараөзек ауылдық округтерінде биотермиялық шұңқырлар құрылысы» жұмыс жобасы 2019 жылы жасалынған болатын. Әр жылда әр елді мекенге жобаларды салуды қарастырғаннан гөрі неге ветеринарлық талаптарды ескере отырып бір жоба жасалынып, облыс көлемінде басқа елді мекендерге пайдаланбасқа. Экономикалық тұрғыдан тиімді әрі бұл жобалардың барлығы ветеринарлық ережеге сай бір типті болып есептеледі.
Жауап: Облыс көлемінде мал өлекселерін және биологиялық қалдықтарды жоятын 146 мал қорымдары бар. Оның ішінде ветеринариялық-санитариялық талаптарға сай 90 типтік жобада салынған.
Қызылорда қаласының елді-мекендері типтік жобада салынған мал қорымдарымен толық қамтамасыз етілген. Барлығы жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттар жүйесіне енгізілгенін хабарлайды.
7 бөлім бойынша Жалағаш ауданында ТҚҚ полигонын салу. Сырдария ауданы Тереңөзек кентінде ТҚҚ полигонын салу, Шиелі ауданында ТҚҚ полигонын салу, Жаңақорған ауданында ТҚҚ полигонын салу;
Сұрақ: 4 аудан бойынша тұрмыстық қатты қалдықтар полигонын салуға жалпы суммасы 1251,6 млн тенге қарастырылған. ТҚҚ полигондарын салу Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодекс талаптарын орындау мақсатында орындалып отырғаны белгілі. Бірақ ауылдық елді мекендерде полигон құрылысын салғаннан гөрі, қайта өңдеуге жататын қағаз қалдықтары, шыны сынықтары, пластмасса қалдықтары және т.б арнайы қалдықтарды қабылдау пунктерін ашқан дұрыс болады деп ұсынамын. Әрі қарай бұл қайта өңделетін қалдықтарды өңдеу орындарына жеткізу схемасы жасалу керек. Себебі, Экологиялық Кодекстің 321 статья 2 пункті бойынша қалдықтарды сұрыптау талап етеді. сұрыпталып жиналған қайта өңдеуге жататын қалдықтарды кәдеге жарату жұмыстары облыс көлемінде біріңғай жолға қойылмаған.
Жауап: Жалпы облыс аумағында қалдықтарды тасымалдау, сұрыптау жинақтау, қайта өңдеу және жою саласында 15 тен астам кәсіпкерлік субъектілері жұмыс жасайды.
Есепті кезеңде жинақталған 116,0 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтардың 22,8 мың тоннасы өңделді. Пайыздық үлесі 19,6 % құрайды.
Анықтама ретінде:
Қызылорда қаласында -«Ибрайхан и К ЛТД», Smart Rubber» (Смарт Раббер) ЖШС-і, «Қызылорда Қағазы» ЖШС-і ,«ДаЖаЕр» ЖШС, «Август», «Аймырзаев», «Аян»
Арал ауданы бойынша - ЖК «Садылдаев Д»;
Қазалы ауданы бойынша - ЖК «Ж. Карымсаков», «Ә.Бөлекбаев»;
Қармақшы ауданында - ЖК «Досмуратов»; Жалағаш ауданында - «Сыр арна» ЖШС, ЖК «Қасиет», ЖК «Мақсұт»; Сырдария ауданында - «ПК Саулет», «Т.Ермантаев», «С. Сейтов»;
Шиелі ауданында - «Сазқұм» өндірістік кооперативі;
Жаңақорған ауданында - «Нұр-Шах» ЖШС-і.
9.2.Орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жарақтандыру;
Сұрақ: Нақты қандай материалдар мен техникалар алу қарастырылған.
Жауап: 2022 жылы орман мекемелерінің материалды-техникалық базасын нығайту мақсатында облыстық бюджеттен 600 млн. теңге қаржы бөлінді. Оған 7 дана трактор ХТЗ, 1 дана су тасымалдайтын цистерна, 1 дана жанар-жағар май тасымалдайтын цистерна, 7 дана орман отырғызу агрегаты, 1 дана борттық автокөлік, 1 дана вахталық автобус, 5 дана трактор тіркемесі, 2 дана өрт сөндіру автокөлігі, 10 дана тұрғын палатка, 3 дана Уаз Патриот автокөлігі, 8 дана электостанция және 9 дана thuraya байланыс құралдары алынады.
10.2.Орта мектеп бағдарламасында оқушыларды «Экология» курсымен қамту (6-сынып);
Сұрақ: Неліктен бұл іс шараға қаржы қаралмаған. Экология курсы деген не мағынада берілген. Қандай материалдар бар бұл курстарды мектепте өткізуге. Оқушылар арасында табиғатты қорғау тақырыбында эсселер мен тақырыптық өлең оқу конкурстарын неге ұйымдастырмасқа. және сол бағытқа қаржы қарастырылмасқа.
Жауап: ҚР Президенті әкімшілігінің 2020 жылғы 20 шілдедегі №20-4/04-437//20-01-7.16 хаттамалық тапсырмасының 4.8-тармағына: Мектептегі ғылыми- жаратылыстану бағытындағы пәндердің оқу бағдарламасына оқушылардың экологиялық мәдениеті, экологиялық білімі мен тәрбиесі деңгейін арттыратын аралас курс (дүниетану, биология, география пәндері аясында тақырыптар) енгізуді қамтамасыз ету туралы тапсырмасы берілген болатын.
Осы орайда, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқаулығына сәйкес 2021-2022 оқу жылында Үлгілік оқу жоспарлардың вариативтік компоненті есебінен таңдау бойынша 6-сыныпта «Экология курстар жүргізу ұсынылған.
Жалпы орта білім беретін мектептерде 2021-2022 оқу жылынан бастап вариативтік компонент сағаттарынан «Жаһандық құзыреттіліктер» курсын таңдау курсы есебінен аптасына 1 сағат 6 сыныптарда «Экология» курсы өткізіліп келеді.
Мектептердегі «Экология» курсы білім алушыларды экологияның негізгі заңдылықтарымен таныстырады, өз денсаулығына, айналасындағы адамдарға және табиғатқа позитивті, ұқыпты қарауды үйретеді. Бүгінгі күні облыс бойынша 294 жалпы орта білім беретін мектептердің 6 сыныбында 17162 оқушы «Экология» курсын оқуда. Оның ішінде қазақ сыныбында 15601 оқушы, орыс сыныбында 1561 оқушы білім алуда.
10.3. Оқушылардың үздік жасыл практикалар мен технологияларға қол жеткізуін қамтамасыз ету (қосымша білім беру);
Сұрақ: Бұл іс шара түсініксіз. Жасыл практика мен технологияға қалай қол жеткізіледі. Қаржы қарастырылмаған. Осы тақырыпқа сай жарнамалық билбордтар мен оқушылар арасында конкурстар ұйымдастырып, марапаттау жұмыстарына қаржы қарастырған дұрыс. Жеке ұсыныстарым; Көгалдандыру және көше бойына кустарник ағаштарын егу .Қала көлемінде жасыл аймақтар санын көбейту. Арнайы жер көлемдерін қарастыру. Парктер саябақтар құрылысын қарастыруды жобаға енгізу. Қалдықтарды қайта өңдеу орындарын ашу. Қағаз қалдықтары, пластмасса қалдықтары, киім кешек қалдықтарын өңдеу арқылы жаңа өнім шығару жобаларын қарастыру.
Жауап: Оқушыларға теориялық білім мен тәжірибені ұштастыра отырып ғылымға баулу мақсатында демеушілердің көмегімен 2016 жылдан бастап Қызылорда облысындағы инновациялық мектептердің ішінен Қызылорда қаласындағы №15 мектеп-лицейі, Сырдария ауданындағы №35, №36 мектеп-лицейлері, 2020 жылдың наурыз айынан бастап Қызылорда қаласындағы №101 мектеп-лицей, №264 мектеп-лицей, №140 орта мектеп, №11 мектеп-лицей, №261 орта мектептерде жылыжайлар ашылып жұмыс жасауда. Жылыжайлар «Жасыл аймақ» оқушылардың ғылыми-зерттеу орталығы болып құрылды. Жылыжай ішінде орталық мүшелері (6-10 сынып оқушылары) химия, биология пәні бойынша өздерінің ғылыми жобаларын Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің оқытушыларының жетекшілігімен бірге жұмыс жасайды. Жалпы орта білім беру ұйымдарының жаратылыстану бағыттағы тәжірибелерін тарату бойынша іс-шаралар жоспары жасалып тиісті жұмыстар атқарылуда.
Осыған орай, мектеп оқушыларының теориялық білімдерін практикалық бағытта жетілдіру үшін, ауыл-шаруашылық дақылдарды экологиялық жағынан таза өнім алу бойынша, оқушылардың жаратылыстыну пәндерінен ғылыми зерттеу дағдыларын және экологиялық санасы қалыптасқан, жеке тұлғаны шығармашылық тұрғыда дамыту мақсатында, экологиялық бағыттағы үйірмелер жұмыстарын жүргізу және тәжірибе алмастыру мақсатында арнайы бағдарламалар жасалып облыс мұғалімдеріне таратылды.
Сондай-ақ, «Таза табиғат» акциясы, көгалдандыру жұмыстарымен қатар, «Табиғатты аяла» республикалық конкурсының облыстық кезеңі, «Адам-Жер-Ғарыш» Халықаралық ғылыми жоба жарысы, «Pro-Eco» облыстық ғылыми жоба жарыстары және т.б. білім беру ұйымдары арасындағы шаралар ұйымдастырылды.
Білім алушыларға экологиялық мәдениетті сіңіру бойынша экологиялық білім мен тәрбие аумақты көгалдандыру және абаттандыру, жасыл желектер отырғызу, «Таза Табиғат» ұлттық жобасы, «Жасыл Ел» қозғалысы, «Экочеллендж», «DARYN EСOART» суреттер мен қолөнер бұйымдарының экологиялық байқауы, Плоггинг «Экожүгіру», «Экостан-ға саяхат» жобалары және т.б. іс-шаралар шеңберінде іске асырылуда. Барлық білім беру ұйымдарында экологиялық «Таза Әлем», «ЭкоӘлем», «Оффлайн өмір», «Өз ағашыңды отырғызу» тақырыбымен апталықтар өтуде. Шара аясында: акциялар, экочеллендждер, сынып сағаттары, экобайқаулар, көгалдандыру абаттандыру жұмыстары, семинарлар, мәдени-тәрбиелік іс-шаралар болып өтті.
Аймақтағы 13 мектепте ұстаздар мен оқушылар жылыжай жұмысын жандандыруда. Оқушылар мен ұстаздар жылыжайда өнімдерді баптап, түрлі көгөніс өнімдерін өндіруде. Жылыжайлар «Жасыл аймақ» оқушылардың ғылыми-зерттеу орталығы болып құрылды. Жылыжай ішінде орталық мүшелері (6-10 сынып оқушылары) химия, биология пәні бойынша өздерінің ғылыми жобаларын Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушыларының жетекшілігімен бірге жұмыс жасайды. Экологиялық білім және экологиялық мәдениетті арттыру, ғылыми зерттеу дағдыларын және экологиялық санасы қалыптасқан, экологиялық бағыттағы үйірмелер жұмыстарын жүргізу және тәжірибе алмастыру мақсатында Қызылорда қаласындағы №101 мектеп-лицейі «Жасыл мектеп» пилоттық жобасын жүзеге асыруда.
"Жасыл мектеп" жобасы-білім алушылардың табиғатқа құндылық қатынасын қалыптастыруға, білім берудің экологиялық бағыттылық деңгейін арттыруға, экологиялық сауатты мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған кешенді білім беру жобасы. Жоба мектеп жанындағы аумақта биоалуантүрлілікті мектепте және үйде электр энергиясын тұтынуды, су тұтынуды зерттеу, қалдықтардың пайда болу көлемін азайту, оқушылар мен жұртшылықты табиғаттағы және қоғамдағы экологиялық сауатты мінез-құлық мәселелері бойынша хабардар ету бағыттарын қамтиды. Мектеп-лицейде аумағы 40 шаршы метрді құрайтын жылыжайда гидропоника, яғни өсімдіктерді топырақсыз, жасанды субстратта өсіру әдісі арқылы қияр, аскөк, ақжелкен, салат жапырақтары, шпинат көкөністерінен өнім алуда. Алдағы уақытта жылыжайды смарт бағытта дамыту қолға алынады.
2021-2022 оқу жылының қараша айында «Жасыл мектеп: орта білім берудегі экологиялық бағытталған оқытудың инновациялық шешімі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды. Облыс бойынша 200-ге жуық химия, биология және география пәнінің мұғалімдері қатыстырылды. Конференция аясында 5 секция жұмысы жүрді. Қызылорда облысы білім басқармасының 2021 жылғы 19 наурыздағы №45-нқ/1 «Жасыл мектеп» пилоттық жобасын ендіру туралы бұйрығына сәйкес, 2021 жылдың қараша айында «Үздік жасыл мектеп-2021» облыстық байқауы ұйымдастырылды.