Вопрос:Технологический дайын емессіңдер деген сөз ғой, енді гарантияларың жоқ қо.
Ответ:Қалай технологический дайын емеспіз, бізде жоба бар, жоба бойынша барлық требованияларды соблюдать етемиз. Сосын «Ақберен» бізде постоянно профилактика жасайды. Кенкияқтағы Ақберен, сол сиякты противофонтанная службалар олар бізге құзіретті орган прямой. Постоянно инспекциясымен келіп тұрады.
Вопрос:Құмсайда осы бірде выброс болды, 10 күн тоқтата алмады біздікілер, Америкадан ададмар шақыртты. Ол жерде ауылдары алыстау, ал бізде 5 км жер бар болганы. Сондай выброс болса бізде қалай тоқтатасыз?
Ответ:Енді біз жұмысқа маман, специалисттерді аламыз. Оборудованиеден отказ болмайды, енді адами фактор ғо болатын. Бірақ оны недопустим.
Вопрос:Областной эколог мырза, мына балдардың қазып жатқан скважинасы Бозоба ол ескі скважина я, бұрынғылары қазып тастап кетті, кеткеннен кейін 2023 жылы 10-15 тоннадай хим.реагент тастап кетті, оны 2024 жылы сіздер тазаладыңыздар. Сол 2023 жылдан 2024 жылға дейін жатты, ол қалай жатты неге ол туралы ешкім білмейді?
Ответ:Аға, міне мен сұрап отырмын Сардан Әділханұлынан, 2019 жылы қазылған мекен, бұл мәселені мен ішке барып көтерейін, жаңадан келген соң мен бұл мәселені біліп отырғаным жоқ, егер шын мәнінде осындай болатын болса, тем более тазартқан болса қолдарында накладнойлары барғо қанша тонна қалдық шыққаны, бұрынғы компаниясы төлейді.
Вопрос:Екінші, қазғанда неше тонна мусор полигонға шығардыңдар, және оның накладнойлары барма? Көрсете аласызба?
Ответ:Міндетті түрде бар. Дәл қазір сізге көрсете алмаймын, бірақ акиматқа бар ақпаратты береміз.
Вопрос:Сосын неше рет газ анализ жасадыңдар? Қорытындылары барма солардың?
Ответ:Тәулік бойы жасадық, біздер круглосуточно. Бізде станция болған, барлық записьтер бар. 10 күннен кейін толық ақпаратты акиматқа бергіземіз
Вопрос:Ол информацияны кімнен аламыз біз, жаз шыққасын?
Ответ:Жаз шыққасын, мааған прямой. Менің телефоным барғой сіздерде. Болмаса мен берем телефонымды. Прямой звондайсызғо. Эколог бар бізде.
Вопрос:Қазіргі қазылған скважинадан қазайын деп жатқан скважиндарыңыз қай жағында? Сол скважинның оң жағында, өзен жағында қалған бір скважин бар, аварийный, баяғыда қазып кеткен. Сол жер ма?
Ответ:Жоқ, жоқ, басқа районда. Темірге қарай.
Вопрос:Жақында Ақтөбе газетінде Темір өзенінің ішінде неше түрлі химикаттар бар деп не шықты. Оның алдында сіздер бурить еткен скважинның басында 10 тоннадай қалдық болған. Ақпан да қазды, басқалар да қазды, барлығы кезінде осылай қазарда бәрін алып кетеміз, айналасын тазартамыз, рекультивация жасаймыз деп. Негізінде олар көшіп кеткеннен кейін 15-20 тонна әр түрді хим.реагенттер қалды, амбарлар қалды мұнайменен. Оны 5 майда сіздер келген кезде сіздер тазаладыңыздар. Оған дейін біздер 2023 жылдың сентябрінде айттық экологтарға, тазалаймыз, барамыз, апарамыз деп, сол 2024 жылдың майына дейін сол жатты 1 жыл. Енді міне жаңбырменен, қарменен, міне, қай жақтан келді деймізғо, су жай жақтан ластанады, забор ештеме жоқ ол жерлерде. Сол 15-20 тонна сіздер тазалаған хим.реагент бәрі ағып, көктемде де жатты го олар. Енді сендер мына басқа скважинға көшкен кезде, айналаларыңды жинап, тап-таза қылып кетесіңдерма, рекультивация жасап? Оны қалай барып тексеруге болады? Қазір барсақ, жақындауға болмайды, разрешение керек деп мысалға жақындатпайды ғо. Мына правоохранительные органдарга, депутаттарга бір рұқсат беріңдершиш, барып, айына 1 рет болсын қарап кетіп тұруға
Ответ:Міндетті түрде біз бәрін сақтаймыз. Қазір техническая рекультивация жасап жатырмыз, геологическая рекультивация енді көктемде бастаймыз. В принципе, болады. Айына 1 рет соғуға болады. Список бересіз, қанша адам келеді, өзіміз көрсетеміз, бәрін келіп қарап тексеруге болады.
Вопрос:Ал енді октябрь айында осы жаңбыр болды. Сол уақытта балдар мал қарап жүріп байқаған. Сіздер енді жан жағын таза ұстаймыз дедіңдерғо, ұстаған да шығарсыздар, бірақ су лас шығарды. Сол су жыра-жыраменен, төмен қарата кетіп қалмай, ағыпты. Майдың іздері бар дейді жылтыраған. Балдар атпен барып көрген, төмен қарата аққан ол, ағады ол қалайда. Сосын енді ол жаққа баруға болмайды, жақындауға болмайды дегесін бармадық. Ол қалай болғаны, ертең жыра-жырамен речкаға мқұйылады ғо?
Ответ:Аға, оны міндетті түрде тексереміз. Біз заң бойынша кварталда мониторинг жасап жатырмыз. Жер, су, ауа. Превышение болған жоқ. Келістіріп, барайық, қарайық, қай жер барлығын көрсетіңіз. Біздікі болса, біздің кінәміз болса, жауап береміз. Бірақ та, ондай факт менде жоқ, аққан. Жерде қалған майдың іздері болса, ол қалады.
Вопрос:Енді ол қазір уже поздно. Қар басты, ертең еріген кезде потомпление болады деп жатыр, сол кезде бүлдіреді бәрін. Көктем кезінде жер еріген кезде сол кезде барып қарасақ қалай болады. Жайылысты бүлдіріп жатыр дегенім ғо.
Ответ:Бірге барып қарайық.
Вопрос:Болашақ пландарыңызда разработка и добыча барма жоқпа?
Ответ:Планда әрине бар. Енді оны барлау көрсетеді, жақсы запастар болса, онда разработка жасаймыз. Бірақ та ол бөлек шарт, оны министерство береді ма, бермейді ма әлі білмейміз.
Вопрос:Разработка и добычаға біз қарсы боламыз.
Ответ:Хорошо. Көре жатармыз. Әзірге барлау жасайық, сосын бар болып жатса, сөйлесеміз. Бар болмай жатырса, онда енді ешкім бермейді рұқсат.
Вопрос:Ассалаумалейкум, менің атым Дамир. Сосын былтыр кездескен кезде әңгіме болып еді негізі, қазылып жатқан жағдайда бәрі нормально болып жатса ауылдың балдарына жұмыс, сосын ауылдың көркеюіне ат қосамыз деп өзіңіз айттыңызғо я. Сол сөз қалай болып жатыр әкім мырза, шешіледі ма екен бұл сұрақ?
Ответ:Біздер компания өкілдерімен кездестік, сөйлестік. Жалпы біздің басты бағытымыз да осы ауылдың әлеуметтік дамуы ғо, жастармен де кездестік. Негізгі акцентті біздер қойып отырмыз, мына спорт бағытына, соның ішінде от спортын, ұлттық спортты дамыту бағытында компаниф басшыларымен кездестік, жүздестік, бұл кісілерде жалпы қарсы емес. Ұсыныстарыңыз бар, соларды ескереміз деп отыр.
Вопрос:Не ғо, атқа мініп олимпиадаға барайын деп жатқан жоқпызғо, жұмыс қо сұрап отқанымыз.
Ответ:Жұмыс мәселесі туралы да біз сөйлестік, жалпы барынша, шама келгенше жұмысқам қабылдауға мойнына алып отыр.
Вопрос:Бұлар алдында да айтты ғо мойнымызға аламыз деп, енді бір жыл болды почти қазып істеп жатқандарыңызға, сонда ең болмаса 1 баланы алдыңызба жұмысқа? Сосын ауылдың көркеюіне ең болмаса 1 нәрсеге акша бірдеме бөлдіңізба? Не істедіңіз ауылды көркейту үшін?
Ответ:Осы бүгінге 2 адам алдық, Кенкияқтікі. Где то 20 күннен кейін тағы да 10 шақты адам жұмысқа аламыз. Оны акиматтармен сойлесіп жатырмыз, Н.Серікжановичпен. Біз списко береміз, қандай мамандық бізге керек, резюме, құжаттарды акимат арқылы беріңіз.
Вопрос:Мына өткен жылдың қорытындысы бойынша, мына біздің больницада свет сөніп қалса, өйткенде бір рет операция жасап жатқанда свет өшіп қалға, сотовый телефонның несімен бітіріпті. Дизель алып бере аласызба больницаға? Свет сөнген жағдайда қоса қоятын дизель-генератор, ол көп жерде бар қазір. Банктің қасында да тұр автоматический қосылатын. Ондайды алып бере алмасаңыздар, ең болмаса простой дизель-генератор алып берсеңіздер.
Ответ:Аға бұл деген негізі шамалы политический вопрос, негізі оның барлығына мемлекет қаражат беріп жатыр. Бірақ та бұл жағынан көмектесуге болады. Біз акиматпен ақылдасамыз, қандай қуаты, мощность керек сол больницаға. Барлығын заң бойынша жасау керек.
Вопрос:Сіздерге бір талабымыз бар, вообщем жұмысқа ертең адам аламыз декп тұрсыздарғо, соны өзіміздің арамыздан сайлайық адамды я. Через акимат емес, акимат арқылы болатын болса блат, сват болып кетеді ертең. Ауыл ағаларының біреуін сайлаймыз, кімнің жағдайы қандай екенін осы жердің суын ішіп, топырағына аунап өскен біз білеміз, сол себепті мына адамды жұмысқа ал деп біздер айта аламыз
Ответ:Сізді түсіндік. Бір зат бар, оны ескеру керек. Ауызбіршілік бар жерде тіршілік бар. Қазіргі таңда әкімдеріңізге сенімсіздік білдіруге болмайды, себебі былай: принцип единоличия деген бар. Округ әкімі бар, бірлесіп, осы азаматпен бірлесіп жұмыс жасап, список жасап, содан кейін ұсыныңыздар. Сол сіздердің араларыңыздағы сайланған адамдарыңыз әкіммен бірге жұмыс жасасын, себебі біздер конституциялық елміз ғой, округ әкімі сайланған, бар, басшыға бағыну керек, сіздердің ұсыныстарыңызды қабылдаймыз, дұрыс. Бірақ барлығы жүйелі болу керек, және әкімдік арқылы болуға тиісті, оның да өзіндік ережесі бар, сол ережемен жүрейік.
Вопрос:Мына «Восток Мунай Нефть» неше точка қазуды жоспарлар отырсыздар жалпы? 1 точка ма осы?
Ответ:Қазір испытаниеден кейін белгілі болады, бірақ та 2-3 скважина план бар бізде.
Вопрос:Кеше сендер ана буровойды қаздыңдарғо, сол кезде газды калай стравить еттіңдер?
Ответ:Стравить еткен жоқпыз, бізде превентор, барлығы болды ғой. Раствормен басылды.
Вопрос:Саламатсыздарма. Қош келіпсіздер, құрметті азаматтар. Жақсы жақсы сұрақтар қойылып жатыр, дегенмен де жастар жағы сабырлық жағына да, сауаттылық жағына да бейім болуымыз керек. Бізге керек бұл компания, манадан бері Жұмағали ағай айтып отыр, генератор керек деп. Біздің Кенкияқ мұнайына 60 жыл, Қытай инвесторларының алганына 27 жыл, 30 жылға таяп қалды, қоғамдық тыңдау жақыннан бастап қана өткізіліп келді, оған дейін сауатсыз болдық, осы күнге дейін НГДУ дың қаншама қоғамдық тыңдаулар өтті сол кезде бұл сұрақтардың ешқайсысы да қойылған жоқ. Мен ауылдың белсенді тұрғыны, ауыл анасымын, Кенкияк мұнай өндіру басқармасына қытай инвесторы келгеннен кейін біз пайдасың көріп отырған жоқпыз. Барлық жағдай мемлекет тарапынан ғана жасалып отыр. Сондықтан мына келіп жатқан жігіттерге сәттілік тілеймін, Қазақстан азаматтары болғасын сенімділік білдіріп, сәттілік білейміз, манадан әкімшілік тарапынан, тұрғындар тарапынан айтылып жатқан барлық тілек ұсыныстарымызды азаматтық немен қолға аласыздар деп ойлаймыз.Енді бастап жатырсыздарғо, сондықтан ауылға не істедіңіз деп сурау орынсыз деп ойлайм, бұл терең бұрғылау деген өте күрделі жұмыстар, сондықтан, бұларға маман керек, ауылдан жұмысқа адам алғанда да мамандар керек бұл жерде.
Ответ:Біраз жақсы нәрселер айттыңыздар. Дұрыс қой, біздің өңіріміз мұнайлы өңір ғо, біздер бір затты ескеруіміз керек, қоғамдық тыңдау деген әрқашан болды және болып келе жатыр да. Өзінің аты айтып тұрғандай, қазіргі таңда көп мәселелер осы жерде көтерілуі керек, жеке емес, қоғамның мәселелері, үлкендеріміз жастарға бағыт бағдар беріп отырса, жастарымыз бірлесіп осы елге, жерге керек ұсыныстар болатын болса, мен ойлайм, жаңадан іске асырылып жатқан жобалар ғой, жақсы ұсыныстарды іске асыруға мүмкіншіліктер болады деп ойлайм. Әр заттың өзінің орны бар, межесі бар, реті бар, солардың барлығын сақтап, рет ретімен жүріп отырайық
Вопрос:Өмір бақи осы нефть көріп келе жатқасын, біз білеміз. Буровойда обычно амбарный факелдар болады, сіздерде ол болған жоқ. Мен өзөім таксовать етем, таң атпай келе жатқанда иіс шығады, сендер газды тірілей айдағансыңдар, именно Кентубенің қасына келгенде мықты шығады. Сендер соны көзге көрінбейтіндей етіп травить етіп жіберіңдер, жаққан жоқсыңдар сендер, жағып жібергендерің жақсы еді.
Ответ:Бізде заң бойынша, обвязка устья деген, пробивыбросовое оборудование бәрі болған. Бізде жоба бойынша раствордың салмағы 1.94. Біз противодавлениемен бұрғыладық, сосын тәулік бойы бізде газокаротажная станция тұрған, одан болек сероводород контроль HSE тұрған. Сол барлық ақпаратты сіздерге көрсетемиз, ешқандай выброс бізде болған жоқ, біз испытаниеге жеткен жоқпыз даже, колонна жабық, газ шыгатын жер жоқ бізде.
Вопрос:Қай жерге барып тұрсыздар қазір сіздер енді? Мұнай шығатын уақыты болды ғо уже. Жалпы былай технично газды жәібермеңдер, лучше жағыңдар.
Ответ:Тереңдікті сұрап тұрсаңыз 4533 м келіп тұрмыз. Мұнай енді бұл геология ғо, әр түрлі болады шығуы. Енді біз бұрғылап, цементаж жасадық, енді бастаймыз испытание.
Атмосфераға газды лақтыруға болмайды, оган арнайы разрешение на сжигание газа беріледі, соны алып, содан кейін жагамыз. Рұқсатсыз оны атмосфераға ешкім лақтырмайды,
Вопрос:Аудан әкімінің Кенкияқ халқымен кездесуі қашан болады? Болады ма?
Ответ:Әрине, болады. Менің осы ауданға келгеніме 2 ай болды, оның ішінде Кенкияққа 4 рет келіп кеткен екенмін әр түрлі себептермен, оның ішінде әлеуметтік нысандарды аралап, өткенде Кенкияқ мектебінің 50 жылдық шарасына қатысып кеттім, сол кезде біраз үлкен ағайлармен, тұрғындармен кездесіп, сұхбат болған. Қажет болған жағдайда біз ашықпыз, әрине кездесемиз. Біздің есебіміз бар жылда берілетін, келесі әкімдік есеп мамыр айында, қажет болса оған дейн де болады кездесуге.
Вопрос:Ожидаемый газовый фактор канша болайын деп тур? Сероводородтың массалық үлесі канша болады? Газды калай утилизация жасайсыздар?
Ответ:Газовый фактор біздің ойымызша 130 болады. А сероводород жоқ, бізде бұрғылаған кезде мониторинговая станция болған, сероводородтың признактары болған жоқ.
Заң бойынша қазір испытание кезінде жағамыз, ал пробная эксплуатация кезінде ГПС, ДТС қоямыз.
Вопрос:Артық газды не істейсіздер?
Ответ:Министерство Энергетики де ПСПГ деген бар – План развития переработки сырого газа деген, сол бойынша бізге қандай талап қояды, соны жасаймыз.
Вопрос:Аварийный случайларға газды жағуға лимит алдыңызба?
Ответ:Пока жоқ. Пока алған жоқпыз.
Вопрос:Гарантия барма болмайтынына?
Ответ:Гарантияны тек құдай береді. Бірақта құдайдың біздікінен басқа қолы жоқ. Біз қазір барлық оборудованені жаңасынан қойып жатырмыз.
Вопрос:Жаңа НГДУдеп жатсыздар. Олардың қазған ұңғымалары тек 300-400м тереңдікте. Сосын олар басқа жақта орналасқан. Газ келсе мына жаңа скважиндерден келеді, жел унемі сіздер жақтан, роза ветров дейдіго. Сондықтан сіздердің ұңғымаларың совхоздарға, ауылдарға өте қауіпті. Біздің алаңдайтымыз содан
Ответ:Қысқаша айтайын, біріншіден, заң бойынша жұмыс жасаймыз, халықпен біргеміз. Сұрақтар болса иіс шықса любой уақытта маған қоңырау шалуларыңызға болады, аварийный выброс болмайды ешқандай.
Вопрос:Бізде енді бірінші мәселе ол жұмыс, екінші мәселе бұл балдарымызға, болашақ ұрпақтарымызға дәріптейтін, балдарымыз 50-60 таймен көшеде жүреді. Ипподром салып беріңдер бізге. Сосын мероприятиялар, мысалы день нефтяника, дым сезілмейді, оның қасында егін егетін ауылдар жақсы өткізеді, біздер нефтяной поселок деп айтуға ұят та. Спортта да бізде тренерлер аз, балаларымызды дамытқымыз келеді, условия жоқ.
Ответ:Әрине, жаңа мен оған дейін айтқан болатынмын, ауызбіршілік болса барлығы да болады. Толып жатқан талаптар, олар дұрыс және маңызды болу керек. Сіздің айтып отырған сөзіңізден мен лучше аға айтып отырғой, шын мәнінде адамның өміріне араша тұратын медиктер, сондай сондай ұсыныстар болса, олардың ішінен іріктеп қарап, біздер ұсыныс жасай аламыз, олар өздерінің бюджеттік жағдайына қарай шешім қабылдайды. Жұмысқа алу туралы да уәделерін орындайды деп ойлаймыз, өздеріңіздің округ әкімдеріңіз бар, сонымен бірге барлығын бақылауда ұстап, бірлесіп жұмыс атқаратын боламыз.
Вопрос:Көптен көтеріп келе жатқан мәселенің бірі, жастарымыз бар, қоғамдық белсенділер бар, Ақсақалдар Алқасы, Аналар Кеңесі дегендей, бірақ жастарға жоқ. Кезінде штат ашылды, бір азаматымыз жасады да, істемей кетті, одан кейін ол штатты алып кетті ауданға. Сондықтан мына жастар комитетіне төраға керек, әкімшілікке бір штат бірлігі берілсе.
Ответ:Жақсы, ұсынысыңыз қабылданды.